15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕ «ONTUSTIK TOURISM FORUM-2016»

Бейсенбі, 21 Шілде 2016 12:33

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Шымкент қаласында осы жылдың 21-22 қыркүйек күндері «Ontustik Tourism Forum» халықаралық туристік форумы өтеді деп жоспарлануда.

Форум аясында «Жібек жолындағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында бизнес-конференциялар және «Silk Road Fair» атауымен жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Сонымен қатар ОҚО бойынша тест-турлар өтеді.

Форумның басты мақсаты туризм саласындағы серіктестікті нығайту болып табылады. Форум барысында қатысушылар әлеуетті серіктестермен В2В форматында кездесулерге қатысып, отандық және халықаралық деңгейдегі сарапшылармен сұхбаттасатын болады. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық туроператорлар, инвестициялық компаниялар, туристтік ассоциациялар және халықаралық тәуелсіз сарапшылар шақырылған. Аталған шараға 250 қазақстандық және алыс-жақын 10 елдің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Форум барысында орын алған барлық жаңалықтар отандық және халықаралық БАҚ-тарда таратылатын болады.

Аталмыш форум бұған дейін де Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілген болатын. ОҚО-ның ел туризмін дамыту саласына қосып келе жатқан үлесі мол екені белгілі. Дегенмен келешекте әсіресе тарихи орындарды дамыту, Түркістанды орта ғасырлық үлгіде қайта жаңаландыру Қазақстан туризміне тың жаңалық әкелмекші.

323 рет қаралды

Пікір жазу