"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ- ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ!»

Бейсенбі, 21 Шілде 2016 12:37

 

Оңтүстік Қазақстан облысында Жергілікті полиция қызметкерлері 18-24 шілде аралығында «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» республикалық жедел алдын-алу іс-шарасын өткізуде.

Шараның мақсаты, жаяу жүргіншілермен орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмауға ықпал ету, жаяу жүргіншілерге жолда жүру ережелерін түсіндіру және жаяу жүргіншілерді қағып кету деректерінің алдын алу, азайту болып табылады.

Орын алған оқиғаларды талдап қарайтын болсақ, әрбір екінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің қатысумен орын алған. Жол қозғалысына қатысушылардың ең осалы жаяу жүргіншілер болып табылады. Себебі жол-көлік оқиғасынан кейін жаяу жүргіншілер ауыр дене жарақаттарын алады немесе қайтыс болады.

 

 

2016 жылғы 18-19 шілде аралығында рейдтік шара аясында жалпы 1402 құқықбұзушылық анықталса, оның 235 жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларына әсер ететін құқықбұзушылықтар.

«Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» жедел алдын-алу іс-шарасы барасында полицейлер күшейтілген күн тәртібіне көшіп, жаяу жүргіншілер жол маңындағы автокөлік жүргізушілерінің іс-әрекеттеріне, жаяу жүргіншілер жолағындағы жүргіншілердің ағымына, яғни жаяу жүргіншілердің қозғалысына ерекше назар аударатын болады. Бұл алдын-алу шаралары негізінен адам қозғалысы көп жерлерде өткізілуде.

Сонымен қатар, «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары, балаларды автокөлікте тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік құрылғыларын пайдалану ережелеріне бағытталған рейдттік іс-шаралар жүргізуді де жоспарлауда.

Сондай-ақ, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері акция барысында Жол қозғалысы ережелерін және жол қауіпсіздігін сақтауды насихаттауға бағытталған түрлі байқаулар мен флеш-мобтар өткізуді көздеуде.

246 рет қаралды

Пікір жазу