"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ҒА КЕЛГЕН IT-ТЕХНОЛОГИЯ

Жұма, 22 Шілде 2016 10:04

 

IT-технологияларды дамыту саласына инвестициялар тарту және Шымкент қаласында «Smart City» жүйесін енгізу жұмыстарының аясында таяуда «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы «Huawei Technologies Co. Ltd.» Азиялық алдыңғы қатарлы компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Қонақтардың делегациясын «Huawei Technologies Co. Ltd.» компаниясының Орталық Азиядағы және Кавказдағы өкілдігінің президенті Цои Сии басқарды.

Шетелдік меймандарға ӘКК жанынан құрылып жатқан «IT-технологиялар орталығы» және оның аймақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, Шымкент қаласында «Smart City» жүйесін енгізу үшін бар ресурстарды жұмылдыру сияқты мақсаттары таныстырылды.

Компания өкілдері өздерінің топтама есептеу және шешім нұсқалары (IAAS и SAAS) саласындағы жетістіктері жайлы баяндама жасап, іскерлік қарым-қатынастарды ары қарай дамытуға мүдделі екенін білдірді.

Әлемнің ең озық технологиясы қатарындағы IT-технологиялар Оңтүстік Қазақстанның жаңа серпіммен дамуға бет алған кәсіпорындарына бағытталмақ.

Әсіресе, жастар қолданатын SMART-технологиялар әрбір тың жаңалықты қалт жібермейді. «Huawei Technologies Co. Ltd.» компаниясы соның бірі және бірегейі. Оның интернет –роутерлерінен бастап басқа да озық технологиялы өнімдері көпшілік игілігіне қолданылуда. Қазақстанда аталмыш компания қызметіне де сұраныс жоғары.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

381 рет қаралды

Пікір жазу