16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АРЫСТА ҚОС МЕРЕЙТОЙ ӨТПЕК

Жексенбі, 24 Шілде 2016 06:17

 

Арыста қос меройтойға дайындық қызу жүруде. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы  және Арыс қаласының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан арасында баламасы жоқ, көлемі 12 гектар болатын дендросаябақ пайдалануға беріледі.
Бұл туралы қала әкімі Сейіт Ертай қос мерейтойға арыстықтардың дайындығымен танысуға  барған  журналистерге мәлім етті. 

 

 

Сонымен қатар шаһар басшысы пресс-тур барысында журналистерге күрделі жөндеуден өтіп жатқан облыстық маңызы бар ұзындығы 105 метр, ені 2 метрге кеңейтілетін көпірді көрсетіп, сонымен қатар, қаланың келбетіне көрік беретін абаттандыру жұмыстары мен көп қабатты үйлердің ауласында салынып жатқан спорт алаңшаларын да таныстырды. 

 

 

«Жалпы қалада қос меройтойға дайындық қызу жүруде. Мұнда халықтың серуендеп, тынығуына жағдай жасау мақсатында көп қабатты үйлердің аулалары мен 6 ауылдық округте жалпы саны 14 спорт алаңшасы мен көше бойларында скверлер салынуда. Сондай-ақ, қаланың келбетіне көрік беретін қазақша ою орнаменттері бар металды қоршаулармен жабдықталуда»,-деді Сейіт Ертай.

1956 жылы қала статусын алған теміржолшылар мекені бүгінде көркейіп, көшелер қайта жөндеуден өтіп кеңейтілді. Көшелер жарықтандырылып, бейне камералар орнатылды. Бүгінгі күнге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 камера орнатылса, алдағы уақытта тағы көше қиылыстары мен тас жолдарда 60 бейнетіркеу құрылғылары орнатылады.

Айта кетейік, 1904 жылы Арыс стансасы салынып, 1928 жылы аудан болып құрылған. Ал 1956 жылы Арысқа қала статусы берілді. Қала құрамына 6 ауылдық округ кіреді. Мұнда халық саны 74 429 адамды құраса, 43 521 қала тұрғындары болып табылады.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

744 рет қаралды

Пікір жазу