"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОБЛЫС ІШІНДЕ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ ОРНАУЫ МҮМКІН

Жексенбі, 24 Шілде 2016 06:46

 

Таяуда Оңтүстік тұрғындары шалғай аудандарға әуе жолы арқылы қатынауы мүмкін.  ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев канадалық “Викинг ЭЙР” компаниясының ұсынған ұшағының таныстырылымына қатысты. Шымкентке келген компания өкілдері “Twin otter 400” ұшағының 19 орынға лайықталғанын, сондай ақ, әуе кемесінің тек жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, жүк тасымалымен де айналысатынын жеткізді.

 

 

Көп салалы ұшақтың су бетіне қонып, тіпті асфальт төселмеген қара жерге де қонуға мүмкіндігі бар. Егер де біздің еліміз бен Канада елінің компаниясы арасында  келіссөздер жақсы нәтиже берсе, осы ұшақтардың алғашқы бағыты Шардара болмақ. Одан кейінгі бағыттар Мақтарал мен Созақ аудандары болуы мүмкін.

“Викинг Эйр” компаниясы өкілінің айтуынша, олар біздің елімізбен жұмыс жасауды көптен бері жоспарлап келген екен. Сонымен бірге, Қазақстаның экномикалық әлеуеті азаматтық авиация тұрғысында өте жоғары деп есептейді. Айта өтейік, ұшақтың құны 7 млн. АҚШ долларын құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы кеңдігімен қатар, халық санының тығыздығы да осындай әуе қатынасының орнатылуына басты себеп болып табылады.

Мұндай жеңіл әрі қолайлы ұшақ еліміздің басқа да облыстарына, әсіресе облыс орталығынан шалғайда жатқан аудан, ауылдар үшін өте қажет.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

319 рет қаралды

Пікір жазу