"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ЕГІН ОРУ НАУҚАНЫ...

Сейсенбі, 26 Шілде 2016 06:48

 

ОҚО-ның Төлеби ауданында егін ору науқаны қызу жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы бидай өсіруге маманданған Төле би ауданында егін ору науқаны қызу жүруде. Науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Шаруалар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жалпы ауданда 19 859 гектар жерге астық егілсе, оның 12747-сі бидай, ал 7112 гектары арпа. Бүгінде шаруалар 8 мың гектарға жуық бидайды орса, арпаны толығымен жинап алып отыр. Гектарына 24-26 центнер өнім алуды жоспарлап отырған диқандар өнімнің түсімі былтырғы жылмен салытырғанда 23,5 пайызға артқанын айтады.

Алтын орақ кезінде 75 комбайн, тасмалдаушы 153 жүк автокөліктер жұмылдырылған. Науқанға тартылған барлық техника қажетті жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етілген.

Ендігі міндет - егін орағы науқанын лайықты атқару. Бұл үшін ауданда барлық қажетті техника күші жұмылдырылған.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында егін ору науқаны жылда ерте басталып, жиын-терін де осы уақытта болады. Жалпы, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Мақсары (13,3%), арпа (3,1%), көкөніс (2,3%), картоп (1,9%) өсіріледі. Облыстағы жеміс-жидектің 18,0%-ын береді. Аудандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30,0%-ын ет өндірісі, 17,5%-ын дәнді дақыл, 15,0%-ын сүт, 9,6%-ын көкөніс құрайды.

288 рет қаралды

Пікір жазу