"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚҰРЫЛЫСТЫ ONLINE КӨРУ МҮМКІНДІГІ ТУДЫ

Жұма, 29 Шілде 2016 13:16

 

ОҚО-да құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың барысын online көруге болады. Бұдан былай облыста жаңадан бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың барысын онлайн тәртіпте көруге болады. Облыс әкімі Б.Атамқұловтың тапсырмасына орай жасалған бейне бақылау камералары өңірдегі 39 әлеуметтік нысанға орнатылып отыр. Алдағы уақытта мұндай бейне бақылау құрылғылары құрылысы жүріп жатқан 16 ғимаратқа қойылмақ.

Бұл жұмыстардың мақсаты облыс басшылығының кез келген уақытта кез келген аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектеп пен балабақшаның сапасы мен жүріп жатқан жұмыстардың барысын қадағалау үшін жасалған.

Айта кетейік, Шымкенттегі құрылысы жүріп жатқан ғимараттардың онлайн көрсетілімін Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz ресми сайтынан көруге болады. Ол үшін интернет ресурстың басты бетіндегі «Бейнебақылау» айдарына еніп, құрылыстың барысын виртуалды түрде бақылай аласыз.

Құрылғыларды орнатудың тағы бір артықшылығы, құрылыс нысандары аяқталған соң орнатылған камералар мекемелердің еншісінде қалады. Бұл өз кезегінде, ондағы қауіпсіздікті сақтап, бақылауда көмек болары сөзсіз.

Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, мемлекеттік органдардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы ғана сапалы құрылыс жұмыстарын орындау үшін осындай жаңалық ашып, қолданысқа енгізіп отыр.

285 рет қаралды

Пікір жазу