15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

400 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Жұма, 29 Шілде 2016 13:18

 

Оңтүстік Қазақстан облысында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылдыққа – 25 игі іс» шарасы жалғасуда.

Игі істер аясында «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде облыста 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, 100-ден астам мүгедек ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға тартылған. 

 

 

Ұйымдастырылған 18 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі кезінде 416 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде, 280 мүгедек тұрақты жұмысқа, 25 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 6-уы қайта даярлау курстарына, 86-ы әлеуметтік жұмыс орындарына және 19 мүмкіндігі шектеулі жас жастар практикасына жолданды.

Мұнан бөлек, 1368 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік көмектер көрсетіліп, жыл басынан бергі жоспар артығымен орындалды.

Еске салайық, аймағымызда өңір басшысы Б.Атамқұловтың бастамасымен «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» шарасы бастау алып, өтуде.

Осыған орай, жоспарланған «Дені саудың жаны сау», «Әлеуметтік қолдау», «Отбасын қолдау», «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан!» және «Игі іс жасауға асық» атты бес түрлі айлық шаралары кезінде барлық салалар бойынша желтоқсан айына дейін игі істер ұйымдастырылып, өткізілетін болады. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақыттарда да өз жалғасын таппақ.

366 рет қаралды

Пікір жазу