15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ӘКІМІ БАЯН-ӨЛГЕЙГЕ АТТАНҒАН ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСТІ

Жұма, 29 Шілде 2016 13:21

 

Өңір басшысы Б.Атамқұлов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына жолға шыққан оңтүстікқазақстандық делегацияны қабылдады.

Құрамында журналистер мен дін өкілдері және белсенді жастары бар топ құрамына аймақ басшысы алғысын білдіріп, ондағы қандастарға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. 

 

 

Естеріңізде болса, дүйсенбі күні шекараның арғы жағындағы қандастарымызға облыс кәсіпкерлерінің демеушілігімен гуманитарлық көмек ретінде 7 тоннаға жуық ұн, 1 тонна макарон, 1000 банка маринадталған қияр, 5000 дана шұлық және тағы басқа да азық-түлік тауарлары артылған жүк көлігі жолға шыққан болатын.

Бұдан бөлек, облыс тұрғындарынан жиналған 3 млн. теңгеге зардап шеккен 5 отбасыға тұрғын-үй салу үшін құрылыс материалдары сатып алынатыны да хабарланған.

Ал жолға шығып бара жатқан бұл топтың қоржынында негізінен, облыстағы аудандардан жиналған рухани дүниелер – кітаптар мен сурет картиналары сынды өнер бұйымдары, сондай-ақ, Оңтүстіктен шыққан отандық өнімдер бар. Шілде айының соңғы күндері Моңғолияда кездесетін өңір белсенділері көрші елдегі қандастарымызға материалдық жағынан ғана емес, рухани да қолдау көрсететін болады.

Баян-Өлгейлік қандастарымызға Оңтүстік Қазақстан алғашқы облыстың бірі болып көмек көрсетті.

331 рет қаралды

Пікір жазу