"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮЛКІБАСТА ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАУШЫЛАР КӨБЕЙМЕК

Жұма, 29 Шілде 2016 14:52

 

Түлкібастағы 96 отбасы баспанаға қол жеткізгелі отыр. Бұл жақсы жаңалық еліміздің  үлкен мерейтойы -  Тәуелсіздік мерекеге сай орайластырылып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының аталмыш ауданында «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан 96 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Өткен жылы құрылысы басталған көп қабатты үйдің бірі 32 пәтерлі болса, екіншісі 64 пәтерлі тұрғын үй. Жыл соңына дейін құрылысы аяқталатын үйлердің пәтер кілті кезекте тұрған азаматтарға ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай табысталады деп жоспарлануда.

Аталған жерге бүгінде ауыз су, жарық, көгілдір отын мен кәріз жолдары тартылуда. Айта кетейік, тұрғын үй кезегінде  көп балалы жанұялар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жас отбасылар бар.

Сонымен қатар,  келер жылы  Түлкібас ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі облыста қарқынды түрде қолға алынып, осындай шаралар аясында жүйелі түрде іске асырылып жатыр. 

Жалпы Түлкібас ауданында тұрғын үй мәселесімен қатар, инфрақұрылымды дамыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде.

300 рет қаралды

Пікір жазу