27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МАҚТАРАЛДЫҚ ЖАСТАР ЖАРАДЫ!

Жексенбі, 31 Шілде 2016 06:36

 

Мақтаралдың жастары аудан орталығын көркейтуге атсалысуда. Мақтарал ауданының студент жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін арттыра отырып, жастардың бойына азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында құрылған «Жасыл ел» еңбек жасағы Жетісай қаласында өз жұмысын бастады.

30-дан аса студенттерден құрылған жасақ аудан орталығының көшелері мен қоғамдық орындарын абаттандыруды, қоқыстан тазартуды, көріктендіруді қолға алды.

Арнайы формамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген студенттер жасағының әрбір мүшесіне аудан бюджетінен 35 мың және республикалық бюджеттен 17 мың теңге жалақы берілетін болады.

Баршаға белгілі, Мақтарал ауданы еліміздің күнгей өңірінде орналасқан ауа температурасы ең ыстық аудандардың бірі. Осыған байланысты, студенттер үшін сағат 8:00-13:00 аралығы мен 17:00-20:00 аралығына жұмыс уақытының кестесі қойылған.

Осылайша, студент жастардың еңбек жасағында қызмет ете отырып жазғы демалысты қызықты өткізуді жоспарлаған жастар үшін арнайы іс-шаралар өткізіліп, еңбекте озат ізденушілерге қала басшылығы тарапынан марапаттаулар ұйымдастырылмақ.

Жастар тарапынан мұндай игі бастаманың көтерілуі ауданның көркеюуіне ғана үлес қоспайды, ол сонымен қатар тұрғындар мәдениетіне де оң ықпалын тигізеді. Мақтарал жастарының қоршаған ортаға деген қамқорлығы көңіл қуантады.

 

 

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

319 рет қаралды

Пікір жазу