"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ӘКІМІ РИОҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖАЙЫН БІЛДІ

Сейсенбі, 02 Тамыз 2016 03:13

 

Өңір басшысы Б.Атамқұлов облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаевты қабылдады. Әкім Риода өнер көрсететін спортшылар дайындығын пысықтады. Кездесуде тараптар 5 тамыз күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жалауы көтерілетін жазғы Олимпиада ойындарында Оңтүстіктің ғана емес, бүкіл еліміздің намысын қорғайтын спортшыларымыз туралы сөз етті.

Күнгей спортшыларының дайындығы туралы баяндап, бірқатар сайыпқырандарымыздың кейбір спорт түрлері бойынша Латын Америкасында дайындығын пысықтап жатқанын айтқан басқарма басшысы өзі бастаған делегацияның ертең, 2 тамыз күні, кешкісін жолға шығатынын жеткізді.

Өз кезегінде, облыс әкімі байрақты бәсекеде спортшыларымыздың жұлдызы жанатынына сенім білдіріп, жерлестерімізге сәттілік тіледі.

Айта кеткен жөн, Риода өтетін жазғы олимпиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының атынан 21 спортшы сынға түсетін болады. Олимпиадалық аренаға алғашқы болып дзюдошыларымыз шығады деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, жалпы Қазақстаннан осы Рио жарысына баратын 124 таэквондошының есімдері осы уақытқа дейін белгілі болған еді.

2016 жыл – олимпиада жылы. Төрт жылда бір келетін басты жарыс 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтеді. Қазақстан бұл жарысқа жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спортшыларымызды апаруды жоспарлап отыр.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

285 рет қаралды

Пікір жазу