15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАРА УЫЛДЫРЫҚ ЖАМБЫЛДА ДА ӨНДІРІЛМЕК

Сейсенбі, 02 Тамыз 2016 10:32

 

Жамбыл облысының нарығына қара уылдырықтың алғашқы топтамасы 100 келі мөлшерінде 2017 жылы түсетін болады, - деп хабарлайды «Zhambylnews» ақпараттық агенттігінің тілшісі. Жеңсік астың басты өндірушісі – «ЛКЗ» ЖШС-і.

Бүгінгі күні зауытта бекіре тұқымдас балықтың төрт түрі өсіріліп жатыр: орыс бекіресі, лендік бекіре, сібір-орыс бекіресінің гибриді және бестер. Зауыттың күш-қуаты жылына 60 тонна сатылымдағы балықты және 2 тонна бекіре уылдырығын өндіруге жетеді. Аталмыш жоба Жамбыл облысында 2014 жылдан бастап қолға алынған. Ет және бекіре балығы уылдырығын өндіретін «ЛКЗ» ЖШС-і  технологясы «Люкс» классындағы өнімді алуға мүмкіндік береді.

«ЛКЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Халит Базаралиевтің айтуынша 6 жылдан соң бекіре уылдырығының жылдық мөлшері 7-8 тоннаға дейін жететін болады.

Айта кетейік, 27, 8 мың шыршы шақырым аумақта орналасқан «ЛКЗ» ЖШС-і көп салалы жәнеқалдықсыз өнім өндіретін өндіріс орны болып табылады.

Сондай-ақ мұнда асыл тұқымды жылқы өндірісі, шошқа және өсімдік өсіру қолға алынған.

271 рет қаралды

Пікір жазу