"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МАҚТАРАЛ ОҚО ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Сәрсенбі, 03 Тамыз 2016 09:09

 

Сейсенбі, 2 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Мақтарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты Сейфуллин елді мекенінде құрылған шұғыл штабтың жиынын өткізді.

Отырысқа ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Демеуов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және облыстық, сондай-ақ, аудандық әкімдіктердің қызметкерлері қатысты. 

Штаб жиыны барысында облыс әкімі қабылданған шаралар жайымен танысып, аталған елді мекенде тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін нақты тапсырмалар берді.

Мұнан соң Бейбіт Атамқұлов жергілікті халықпен, оның ішінде, ауылдың ақсақалдарымен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Онда өңір басшысы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің зорлық-зомбылық әрекетінің расталмағанын айтып, медициналық сараптаманың қорытындысын жариялады. Аймақ басшысы аталған жағдайдың қылмыстық сипатта екенін атап өтіп, ауыл тұрғындарын жалған ақпараттар мен қауесеттерге сенбеуге шақырды.  

Жиын кезінде облыстың бас прокуроры И.Иманов сөз алып, елді мекенде заң бұзушылықты болдырмаудың қажетті шаралары қабылданғанын жеткізді.

Аталған елді мекендегі қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтықты қамтамасыз ету шаралары жалғасатын болады.
Жағдай қатаң бақылауда.

Еске салайық, осыған дейін ОҚО-ның Мақтаарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтылған болатын. Бұзақылық әрекеттерге Сейфуллин ауылы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына (7 жасар қыз) 16 жастағы жасөспірімнің сексуалды сипаттағы әрекеттер жасады деген күдігі себеп болған. Бұл жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру реестріне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.Екінші тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтаарал ауданының Мұратбаев ауылында белгісіз біреулер құрылыс дүкенінің есігін өртеп жіберген болатын. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері өртті жасады делінген Асықата ауылының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

"Сонымен қатар белгісіздер Диқан ауылында да жергілікті тұрғындардың екі үйін өртеген. Содан үйлердің бірінің алдында тұрған "Газель" өртеніп кеткен. Ішкі істер органдары осы іске қатысы барларды іздестіріп жатыр. Ішкі істер министрлігінде жедел штаб құрылды. Оқиға орнына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мен облыс әкімі келді", - делінген хабарламада.

Тексерістердің барысында Мақтаарал ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталып, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Одан 7 таяқ және бензині бар 5 литрлік құты тәркіленді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

237 рет қаралды

Пікір жазу