"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТ АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ

Жұма, 05 Тамыз 2016 03:47

 

Шымкент қаласында адам саудасына қарсы «Антитрафик» акциясы өтті. Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күніне орай өткен іс-шараны облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен «Сана-Сезім» қоғамдық ұйымының өкілдері ұйымдастырды.

Акция барысында іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылар Шымкент қаласындағы адамдар көп шоғырланатын орындарды, саябақтарды, теміржол вокзалын аралап, халыққа адам саудасының залалы түсіндірді, адам саудасына қарсы ақпарат беретін кітапшалар мен буклеттер таратты.

Іс-шаралардың басты мақсаты адамдарды сексуалдық іс-әрекеттердің құрбаны болудан, еңбек құқықтарының тапталуынан және криминалдық жағдайлардан сақтандыру болып табылады. 

 

 

Өз кезегінде, оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары ЕСКЕРТЕДІ: егер Сіз адам саудасының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, қылмысқа қатысты қандайда бір ақпарат білсеңіз, ОҚО ІІД-нің 98-00-56 сенім телефонына хабарласыңыз.

Жалпы әлем бойынша адам саудасы құрбандарының 45-50 пайызын балалар құрайды. Еуропалық Одақ таратқан ақпараттарда жиі айтылып жүр.

Еуропалық Одақ адам саудасымен күреске және оның алдын алу ісіне үлкен маңыз береді. Және өз бағдарламаларында адам саудасына үлкен басымдық беріп, аталмыш әрекеттерді күрделі қылмыстардың қатарына жатқызады. Аталмыш халықаралық ұйым өкілдері қазір адам саудасы мен оның құрбандарын қорғау туралы жаңа құжат та дайындап жатқан көрінеді.

242 рет қаралды

Пікір жазу