15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАСТАР БАСТАҒАН ИГІ ІС...

Жұма, 05 Тамыз 2016 04:45

 

Төлеби ауданының жастары игі істі қолға алды. Ондағы «Жастар орталығының» мамандары бас болып, «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, аудандағы аз қамтамасыз етілген бірқатар отбасыларға жәрдем беруде.

Күнделікті азық-түлікпен қамтамасыз етіліп отырған 10 отбасыға жергілікті қайырымды кәсіпкерлер демеушілік танытып жатыр. Мәселен, төлебилік бизнесмен Е.Жабаев акция шеңберінде азық-түлікпенқамтуды мойнына алса, М.Қойбағаров өз дүкенінен арнайы орын дайындап, күнделікті ыстық нан таратуды міндетіне санап отыр. Кәсіпкерлер бұл қайырымдылық істерін жыл соңына дейін жалғастырмақ.

Аудан жастары игілікті істің жалғасын табатынына сенімді. Ендігі кезекте олар кәсіпкерлердің көмегімен жағдайы төмен отбасыларды киім-кешекпен қамтудың жолын қарастырып жүр. Қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын «Мейірімді жүрекпен» акциясына өзгеге қуаныш сыйлап, аз да болса көмек қолын созғысы келетін кез келген атымтай жомарт қатыса алады.

Естеріңізде болса осыдан екі жыл бұрын еліміздің барлық аймақтарында «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты  «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық акциясын бастаған болатын. Оны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, қоғамдық акцияның мақсаты жастар мен жасөспірімдердің рақымын және жаншырлық сезімін ояту, қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қол ұшын созу. Міне, бүгінгі Төлебилік жастардың да игі істері осы шараның жалғасы іспетті.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

269 рет қаралды

Пікір жазу