"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ТАҒЫ БІР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жұма, 05 Тамыз 2016 08:01

 

Бүгін ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы М.Пішембаевпен кездесті.

Басқосуда ведомства жетекшісі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы мен «Жібек жолы» шекара өткелі, Шақпақ ата тоннелінің құрылыс учаскелеріндегі жұмыстардың барысын баяндап, Төрткүл, Шәуілдір, Арыстанбаб және Абай ауылы (Сарыағаш ауданы) учаскелеріндегі жөндеу жұмыстары жайлы айтты.

2017 жылдың екінші тоқсанында Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының шекарасындағы тоннель мен «Жібек жолы» шекара өткелі бойындағы автомагистраль жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Өз кезегінде, облыс әкімі Мақтарал ауданының дамуы үшін маңызды жол болып табылатын Сарыағаш – Қызыл әскер (72 шқ) тас жолының құрылысы туралы айтып, оған алдағы 2 жыл көлемінде басымдық берілетінін жеткізді.

Аймақ басшысының басты назарындағы кезекті жоба Шымкент қаласының орамды айналма жолы болып табылады. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдің зиярат ету туризмін дамытуға үлкен үлесі бар Арыстанбаб – Түркістан учаскесін күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, әңгіме барысында заманауи жол бойындағы қызмет көрсетуді дамытудың мәселелері қозғалды.
Жалпы, аталмыш министрліктің еліміздегі жол мәселелерін шешуге арналған кешенді бағдарламалары кезең-кезеңмен іске асырылмақ.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

238 рет қаралды

Пікір жазу