"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕН ТАҒЫ БІР ОТАНДЫҚ КИНО ШЫҒАДЫ

Жұма, 05 Тамыз 2016 10:17

Шымкентте тағы бір отандық төл туынды түсірілмек. Оған дайындық жұмыстары басталып та кеткен. Біз режиссер ұйымдастырған кастингтің қызған шағына тап болдық.

Мұнда актер болып, басты рөлді сомдағысы келетін жастардың қарасы қалын. Тіпті аптап ыстыққа қарамай келген бозбала мен бойжеткендердің ынтасы біз ойлағаннан да асып түсті. Алайда, оларға қойылған талап жеңіл емес. Берілген мәтінге сай белгілі бір рольді сол жерде сомдап шығу қажет.

 

 

Өмірдің қадам басқан сайын алдыңнан шыға келетін сан түрлі қиындықтарына шыдас беруге жас жұбайлардың күші жете ме? Олар балаларының көз жасына қалмау үшін қандай тәуекелдерге барады? Қоғамдағы ажырасу мәселесі және басқа да маңызды әлеуметтік кекілжіңдерге тосқау болар не? Міне, жаңа туынды осы сұрақтар төңірегінде өрбиді.

Серік Талас, режиссер: «Жаңа фильмге 100-ге тарта актер қарастырып жатырмыз. Іріктеуге келген жастардың тең жартысында туындыға қатысып, роль сомдауға мүмкіндігі бар. Актердің өзіне де көп нәрсе байланысты. Ынтасы бар дарынды үміткеркерге тіпті бас рөльді де ұсына аламыз.»

Айта кетейік, бұл — күнгейдегі талантты жандардың Қазақ көркемфильмінің қоржынына қосатын алғашқы төл туындысы емес. Жуырда ғана жастардың көзайымына айналып үлгерген «Hello, ауыл» фильмі тұсауын кескен болатын.

«Ютюб» желісінде соңғы 2 айдың ішінде бұл филимді 1 360 108 адам тамашалаған. Ал енді ғана қолға алынып жатқан бастамаға 4 млн 200 мың теңге қарастырылып отырған көрінеді. Мұндай қолдауды облыстық жастар орталығы көрсетіп отыр. Фильмнің қай айда, қай күні үлкен экранға шығатыны әлі белгісіз. Дегенмен, тамыз айында түсірілім басталады деп уәде етілді. Көзі қарақты көрермен қазақ киногерлерінің бұл туындысын асыға күтендеріңізге кәміл сенімдіміз.

393 рет қаралды

Пікір жазу