"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АҚСУАТТА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Сенбі, 06 Тамыз 2016 11:11

 

Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауылында тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябақ ашылды.

 

Аумағы 7 000 шаршы метрді алып жатқан нысанда аудан орталығының тұрғындары мен қонақтары демалып, тыныға алады. Саяқбақтың сәнін жаңадан іске қосылған субұрқақ келтіріп тұр. Мұнда сондай-ақ классикадан бастап эстрадалық, дәстүрлі музыкалар ойналады. Су да сол ырғаққа бейімделген.

 

Саябақты жергілікті тұрғындар береке мен бірлік мекені дейді. Өйткені Ақсуат тұрғындары жаңа нысанды көркейтуге мейлінше ат салысып, бірі көшет отырғызса, бірі қоршауларын сырлады. Болашақта осы маңда ұлттық сусындар сататын киіз үй тігілмек. Тәуелсіздіктің мерейтойына арналған тура осындай саябақ пен субұрқақ ірі елді мекен Ақжар ауылында да пайдалануға берілді.

 

Қанданиша Мұртазаева, ардагер ұстаз:

 

- Бүгінгі күн қандай, кешегімен салыстыруға келмейді. Сондықтан қуанышымызда шек жоқ. Балалар біздің бақытымыз, болашағымыз. Солардың барлығы демалатын, денсаулығын күтетін, жақсылыққа бастайтын осындай мекенді ашып жатқан әрине бұл тәуелсіздіктің жемісі.

 

Ділдәбек Оразбаев, Тарбағатай ауданының әкімі:

 

- Осы парк бізге жобалық сметалық құжат бойынша 25 миллион теңгеге түссе, біз осыны 7-8 миллион теңгенің төңірегінде бітіріп алдық. Себебі біз тек қана құрылыс материалдарын сатып алдық, қалғанын бәрін осы халықтың ауызбіршілігі, ынтымағымен бітіріп, пайдалануға беріліп отыр. Бұл аудан орталығындағы салынған 3-ші саябақ. Енді қазір 4-ші саябақты бастап жатырмыз.

 

24.kz

242 рет қаралды

Пікір жазу