14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ ЖЕМІСТЕН ЖАҢА ТАҒАМ ӨНДІРІЛМЕК

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 03:06

 

Оңтүстікте алғаш рет алма езбесін өндіру ісі қолға алынады. Бұл үшін Арыс ауданында алма бауының 120 га алқабына жеміс егілді. «Қазына жер LTD” серіктестігіне қарасты аймақта қазір күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.

Шаруалардың сөзінше, биыл баудан алынатын өнімнің көлемі мол болмақ. Бағбандар 300 тонна алма жинауды көздеп отыр. Оның басым бөлігі аудандағы қызанақ өңдеу зауытына жіберіліп, алма езбесі дайындалады.

Қуаныш Омар, директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары: «Биыл алма езбесін дайындау үшін толық дайынбыз деп айта аламыз. Өйткені былтыр, 2015 жылы бұл үшін зауытта тәжірбие жұмыстарын жүргіздік. Бұл үшін зауытта барлық қажетті аппаратымыз бар.»

Мұнда алма езбесінен бөлек басқа да өңделген көкөніс, жеміс өнімдері бар. Олар өңірдегі сауда орындарына шығарыла бастаған. Серіктестік басшысы отандық өнімдерді тапсырыс бойынша шет елдерге де эскпорттамақ.

Экспорттайтын елдерге қандай мемлекеттер кіретіні өнім дайын болған кезде анықталды.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауа райы қолайлылығы алма бағын мейлінше өсіріп-баптауға, оның өнімін молынан алуға мүмкіндік береді. Алма езбесі табиғи тағам әрі отандық болғандықтан, оның экологиялық жағынан таза екені сөзсіз. Сондықтан жаңа жеміс езбесіне деген сұраныс та төмен болмайды дейді мамандар.

237 рет қаралды

Пікір жазу