"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

EМХАНАЛАР ЕGOV ПОРТАЛЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 03:41

 

Бұдан былай дәрігерге жазылу, үйге шақыру сынды қызметтерді үйден шықпай-ақ ғаламтар арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Бұл үшін кез келген азаматтың электронды кілті болуы керек.

Сол арқылы egov порталына кіріп, медициналық қызметтер бағытын таңдап, қажетті көмекті ала аласыз. Сондай-ақ, әр азамат интернеттегі қызметті алу үшін жеке сәйкестік нөмірін де білуі қажет. Өйткені медициналық мекемелерде азаматтарға көрсетілетін қызметтер тек осы жеке куәліктегі сандар тізбегіне байланысты көрсетіледі.

Қазір Шымкент қаласындағы барлық емханаларда egov порталы бойынша жұмыс істеу қолға алына бастады. Алайда, емделушілер арасында әзірге электронды қызметті қолданушылардың қатары сирек.

Қысқаша мәлімет бере кетсек:

«Электрондық үкімет» деген не?

Электрондық Үкіметтің құрылуы – бұл субъективті фактордың ықпалын төмендете отырып, шенеунікті азаматтарға жақындастырудың амалы. Электронды Үкімет шенеунік пен азаматтың бетпе-бет қарым-қатынасын  виртуалды қатынасқа ұластырып, азаматтарға өз сұраныстарының шешілу жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан Үкіметтің де, азаматтардың да, бизнес-құрылымдардың да арманы.Электрондық Үкіметтің іс-әрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген және азаматтар мен ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған. Қысқаша айтқанда,

Электрондық Үкімет дегеніміз мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі.

Электрондық Үкіметтің көмегімен Сіз:

ü    мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, ӘЖК алу және т.б.;

ü    коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: теміржол немесе әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т.б.;

ü    өтініш беру және лицензия алу;

ü    бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т.б.;

ü    мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей хабарласу;

ü    мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу;

ü    электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) рәсімдеу;

ü    кез келген мемлекеттік органнан ҚР заңнамасын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының түсіндірмесі, қайсыбір жағдайда лауазымды тұлғаның әрекеттерінің заңдылығы және т.б сұрақтар бойынша On-line кеңес алу:.

 

183 рет қаралды

Пікір жазу