15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ 200 МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚАЖЕТ ЕКЕН...

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 03:57

 

Оңтүстіктегі 200 елдімекенге мәдениет үйлері қажет. Ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін өтеу үшін биыл мемлекет қазынасынан 172 млн теңге бөлінген.

Бұл туралы бүгінгі брифингіде облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан мәлім етті. Оның айтуынша, тиісті қаражатқа қазір 18 мәдениет ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтірілуде.

Сондай-ақ бір ғана Сарыағаш ауданында жаңадан төрт мәдениет үйі салынып жатыр. Айта кетейік,  өңірде 730 өнер мекемесі жұмыс істейді.

Естеріңізге салсақ, осыдан 1 ай бұрын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі аясында және Астана күні мерекесіне орай, Сарыағаш ауданындағы Ақтөбе және Тегісшіл ауылдарында екі мәдениет үйі ел игілігіне берілді.

Жалпы аудан бойынша осы жылы мәдениет нысандары жоқ ауылдық округтер мен елді мекендерге мәдениет нысандары, яғни, ауылдық клуб пен кітапханалардың құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Сарыағаш қаласы және Бірлік, Жібек жолы, Құркелес ауылдық округтерінде мәдениет нысандарының құрылысы осы жылы аяқталып, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы меркесіне орай, халыққа осы жылдың қыркүйек айына дейін толық пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, биыл 4 саябақ пен 1 мәдениет үйінің жобалық сметалық құжаттары дайындалып, облыстық салалық басқармаға тапсырылды.

288 рет қаралды

Пікір жазу