15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТ ШАҺАРЫ ГРАФФИТПЕН БЕЗЕНДІРІЛЕДІ

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 03:59

 

Шымкент күн санап шырайлана түсуде. Оған қонақтар мен жерлестеріміз атсалысуда. Мәселен, Нұрсәт шағынауданындағы үйлердің қабырғасындағы суреттер осының дәлелі.

Алматыдан келген граффитишілер мен шымкенттік суретшілер бірлескен жобаны қолға алды. «Ұлы Жібек жолы» деп аталатын бастама аясында төрт үйдің сыртында жүк тиеген түйе мен салт атты жолаушының бейнесін көруге болады. Ал ерекше жобаны жүзеге асыруға қала әкімдігі қолдау білдірген.

Дмитрий, суретші: «Біздің мақсатымыз — Жібек жолын суреттеу. Алғашқыда бірнеше нұсқа болды. Кейін ойлана келе осындай тоқтамға келдік. Енді сол ойымызды жүзеге асырмақпыз. Мүмкін, дәл осы жерден Жібек жолы өткен болар.» 

Бір аптадан бері тұрғын үйлердің сырт келбетін сәндеп жатқан граффитишілер енді бес күннен соң жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Айтуларынша, суреттерді нөсер жаңбыр мен қар, тіпті, Оңтүстіктің аптап ыстығы да өшіре алмайды. Бірнеше жыл бойы қаланың көркін ашып, тұрғындарға көңіл-күй сыйлайды.

Жаңа стрит-арт пен граффити тарихы 1920 жылдан бастау алады. Сол кезде қоғамға қатысты, билікке деген көзқарасын шығармашылық жолмен жеткізуге ұмтылған жастар тауар вагондары мен ғимарат қабырғаларына түрлі кескіндемелер сала бастайды. Суреттер халық арасына айтарлықтай тез тарап, танымал болып шыға келеді. 1970 жылдардың ортасына қарай граффити Батыста өнер ретінде мойындалып үлгерді. Ал Қазақстанда 1990 жылдардан бастап дамиды. Бүгінде елімізде граффити салумен айналысатын 50-ден астам топ бар екен. Олардың қатарына «Repas», «Тиграхауд», «Номад», «Made», т.б. топтар кіреді. Бұл топ мүшелері өз аттарын жазып кеткен жазуларды көшеден көптеп кездестіреміз.

249 рет қаралды

Пікір жазу