14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 04:11

 

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Медиация күні» республикалық акциясы аясында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күніне сот қызметкерлері, отставкадағы судьялар, медиация орталықтарының басшылары, мемлекеттік мекем қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестік төрағалары, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары қатысты.

Шараның басты мақсаты өңірімізде медиация қызметі саласын дамытудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, медиация институтының шиеленістерді және дауларды шешудің әдісі ретінде насихттау, медиаторлардың жергілікті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ, азаматтық институттармен өзара іс-әрекеттерінің дамуына қолдау көрсету, тұрғындарға облыстағы медиация орталықтарының және Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің жұмыстарын хабардар ету.

Акция аясында судьялар мен кәсіби медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарға құқықтық кеңес берді.

Бүгінгі таңда, облыс әкімдігі жанынан және облыстың барлық аудандық, қалалалық, ауылдық әкімдіктерінің жанынан барлығы 106 медиация кабинеті ашылған.

Аудандық және оған теңестірілген соттармен жасақталған статистикалық мәліметтерге сәйкес, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында 770 азаматтық істе татуластыру рәсімдері қолданылған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Медиация күні» республикалық акциясы жалғасын табады деп күтілуде.

 


«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

222 рет қаралды

Пікір жазу