14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ӘКІМІ САРЫҒАШТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 04:37

 

Облыс басшысы Б.Атамқұлов Сарыағаш ауданындағы "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша құрылысы жүріп жатқан Құркелес ауылдық округі Дастан елді мекеніндегі 300 орындық № 136 мектептің құрылысымен танысты.

Аталған нысанды "Лидер-НК" ЖШС жүргізуде. Заманауи білім ошағын салуға Ұлттық қордан 1,6 млрд теңге бөлінген. 2015 жылы маусым айында басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылы тамыз айында аяқталады деп күтілуде.
ОҚО әкімі ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде қаланың іші арқылы өтетін "Рамадан" каналының күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Айта кету керек аталған канал алғаш рет 1909 жылы пайдалануға берілген. Содан бері жөндеу жұмысын көрмеген нысанның жалпы ұзындығы 19,0 шақырым.

Маңызды арық Сарыағаш ауданының 2500-ге жуық гектар суармалы жерлерн тіршілік көзімен қамтамасыз етеді. Қайта қалпына келтіру үшін облыс қазынасынан 900 млн. теңге қаралған.

Аталған соммаға 2015 жылы 12,6 шақырымы жөнделсе, биылғы жылы 6,3 шақырымы бетондалып жүйеленді. Құрылыс жұмыстарымен танысқан өңір басшысы жергілікті әкімдік пен мердігерге құрылыстың сапалы болуын және каналдың айналасын тиісті деңгейде абаттандыруды тапсырды.
Әкім бұл тапсырмасын қадағалауда ұстайды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

221 рет қаралды

Пікір жазу