14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОРДАБАСЫЛЫҚТАР ЖҰМЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН ТАБУДА

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 05:44

 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша биыл Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметіне 30 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Бағдарлама аясында 2012 -2013 жылдары кәсіби даярлауға Шымкент аграрлық колледжіне жолданған азаматтар бүгінде дипломын алып, ауданға оралды. 15 азамат санитар – ветеринар, фельдшер – ветеринар мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

Жалпы аудан бойынша жыл басынан «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға 1076 адам өтініш білдіріп, барлығы бағдарлама құрамына тартылды.

Жаңа және бос жұмыс орындарына 544 адам жолданды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 220 жұмыс орны ашылса, босаған 324 жұмыс орнына азаматтар жолданып, барлығы тұрақты жұмысқа орналасты.
Мәліметке:

«Жұмыспен қамту 2020» - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мемлекеттік бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру[1].

Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

229 рет қаралды

Пікір жазу