11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА РЕТРО-МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 18:42

 

Түркістан қаласында теміржолшылар күніне орай ашық аспан астындағы ретро мұражай ашылды. Онда бір ғасырдан астам уақыт бұрын алғаш рет Қазақ даласында салынған шойын жолмен жүйткіген паровоз қойылды. Бумен жүретін отарба 1904 жылдан бастап пайдаланылған. Салмағы 108 тоннадан асатын алып паровоз Өскемен қаласынан жеткізілді. Мұражайға тарихи кезеңдерді тізбектеп көрсететін сан алуан құралдар қойылды. Оның ішінде теміржолшылар пайдаланған түнгі шам, телефон, бағдаршам және басқа да заттар бар. Ең құндысы - Даниядан әкелінген Ленинградта жасалған төрт жақты сағат. Ал паровоз әлі де жүйткуге жарамды,- дейді мамандар. Теміржолшылар күніне орай өткен шарада жұртшылық тарихи-танымдық сахналық қойылымдарды тамашалады. Онда сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласына қару-жарақ пен жылы киім тасыған теміржолдың маңызы шынайы бейнеленген. Бүгінде Түркістан депосында 500- ге жуық адам еңбек етеді. Кәсіптік төл мерекесінде осы салада жемісті еңбек еткен теміржолшылар марапатталды. Мырзахан Омаров, ардагер машинист: - Паравоздар Шиеліге дейін 10 тонна жағатын.Енді оның топкасына су әр стансадан Сайрам, Аққұм, Бес арықтан су алатын. Мына тендерге 15 куб су кетеді.Сол 15 куб суды Шиеліге барғанша 2 мәрте толтырамыз. Ал енді паравоздың өзгешелігі сағатына 50 шақырым ғана жылдамдықпен жүреді. Мақсұт Ескендіров, Түркістан локомотив пайдалану депосының басшысы: - Паравозды сумен қамтамасыз ететін қондырғы және де оны жөндейтін электр шамдар сол кездегі барлық құрал-саймандар осы жерде сақталған. Төрт жағында тұрған шамдар Ленинград пен Украинада құйылған, оның құйылғанына 1 ғасыр болды. Жан жақтан құралдарды жинап қалпына келтірдік. Келген ардагерлерге естелік болсын деген оймен. Оның ар жағында переговорный тұр ол да іске қосылған.

 

24.kz

239 рет қаралды

Пікір жазу