"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

РИО-НЫҢ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛІ ОҢТҮСТІК СПОРТШЫДАН ТҮСТІ

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 18:50

 

Қазақстанның Рио Олимпиадасындағы алғашқы медалін Оңтүстіктің спортшысы әперді. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан олимпиада ойындарында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль иеленді. Ол алғашқы айналымда Такиана Лиманы (Гвинея-Бисау) жеңгенімен, ширек финалда жапониялық Ами Кондодан ұтылып қалды.

Ал үшінші орынға таласта Отгонцэцэг 2012 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері венгриялық Эва Черновскиді және кубалық Даиарис Альваресті жеңді. Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға 2012 жылы Моңғолиядан келген. Ол бұған дейін Азия чемпионатына Қазақстан атынан қатысып, алтын медаль жеңіп алған.

Бұған дейін Отгонцецег Галбадрах, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Мені Шымкентке шақырып, Қазақстанның азаматтығын алуға мүмкіндік бергендері үшін алғысым шексіз. Олимпиадаға қатысып, Оңтүстік бапкерлерінің үмітін ақтаймын деп сенемін. Қазіргі таңда дайындалып жатырмыз» деген болатын.

Отгонцецег Оңтүстікке Моңғолиядан ауысқан. Өткен жылы еліміздің азаматтығын алып, бүгінде 48 келідегі №1 палуан атануда. Әлемдік сынақтарда қажетті ұпайларды жинап, Олимпиадалық рейтингте 14-сатыда тұр.

ОҚО жекпе-жек спорт мектебінің директоры Николай Ставицкий: «Отгонцецегтің әлемдік рейтингтегі көрсеткіші жоғары» дейді.
Айта кету керек, бұл – Қазақстанның Рио олимпиадасындағы алғашқы медалі.

250 рет қаралды

Пікір жазу