17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ПАЙДАҒА АСАДЫ

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 18:53

 

 

ОҚО-да күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станция салынады. Созақ ауданында күн сәулесін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіретін станция салынады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Созақ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жобаны іске асыруға германиялық «GreenEnergy 3000 Holding» ниет білдіріп отыр. Теріскейге күн қуатымен электр энергиясын өндіретін станция салуға байланысты германиялық холдинг пен аудан әкімдігінің арасында келіссөздер бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді.

Станция салу туралы келісім аталған холдингтің Қазақстандағы өкілі Ақылбек Саматұлы мен аудан әкімі Мақсат Исаевтың екеуара кездесуі барысынан кейін белгілі болды. Қазіргі таңда «GreenEnergy 3000 Holding» қарасты Созақ ауданындағы «ЮКСЭС-50» ЖШС филиалы жобасының құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір. Қажетті құжаттарды әзірлесе, станияның құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында басталып, 200-ге тарта жұмысшы тартылады. Келер жылы толық қуатымен жүзеге асатын жобада 50 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Айта кетуіміз керек, 50 МВт электр энергиясын өндіретін жобаның тұтынушысы «KEGOC» АҚ болады.  Бір сөзбен айтқанда, күн энергиясын тиімді пайдалану ОҚО-ның даму жоспарында тұр.

249 рет қаралды

Пікір жазу