"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ОҢТҮСТІК ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТТЕ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 05:58

 

«Бір терезе» қағидасы  бойынша  қызмет көрсететін  мекеменің ашылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Алғашқы 5 апта уақыт  аралығының өзінде 4000-ғы жуық  турист   орталықтың   көмегіне    жүгінген екен.   Мұнда   үш  тілді  еркін меңгерген   18  маман жұмыс істейді.  Олар   туристерге  қызмет  көрсетеді.  Бағыт  -   бағдар  береді.  

Жасұлан Түлебеков, «Оңтүстік туристік ақпараттық »  орталығының директоры;

-Басым көпшілігі Түркістан, Отырар және белең алып отырған экотуризм  Сайрам ауданы, Ақсу-Жабағылы және Түлкібас аудандарындағы демалыс орындарына сұраныс жоғары.

Жаңа орталық күнгейлік  өңірдің туристік әлеуетін жақсартуға оң әсерін тигізіп  отыр.   Гид-аудармашылар  туристтерді  505 зиярат жасайтын тарихи-археологиялық орындармен таныстырып,   демалыс  орындарына апарады.  

 

Бейбіт Атамқұлов, облыс әкімі;

-Оңтүстік өңірде  халық кәсіпкерлікке жақсы бейімделген. Сол себептен 3 млн. Халқы бар өңірімізге сіздің жасап отырған сапарыңыз үлкен оқиға деп білемін. Сіздің әр сапарыңыз біздің кәсіпкерлерге жаңа серпін беріп, өз мәселелерін сіздің алдыңызда ашық талқылауға мүмкіндік береді.
Аталмыш орталық «Нұрлы жол» және индустрияландыру  бағдарламасының қалай, яғни қарқынды жүріп жатқанын көрсетеді. Жалпы алғанда Оңтүстік қазақстан облысы   белсенді жұмыс істеуде.  200-ден астам жоба бар пайдалануға берілген. Әкімдік барлық жағдай жасауда.  Инфрақұрылым дамып жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік бағдарламаларды орындауда көш бастап тұр.  Аймақта  Индустрияландыру картасы аясында құны  223 млрд. теңге болатын 164 жоба іске асырылып, 13 мың тұрақты жұмыс орыны ашылған.  Елімізде жүзеге асқан  әрбір бесінші жоба   түстік  өңірде  іске  қосылған.

179 рет қаралды

Пікір жазу