"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӨЛЕБИДЕ АСЫЛТҰҚЫМДЫ ҚҰС ӨСІРІЛЕДІ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 06:32

 

Төлеби ауданында асылтұқымды құс өндірісі қолға алынды. Жергілікті «Қызыл жар» ЖШС-і бүгінде  «КРОСС-ХАЙТЕКС-БРАУН» деп аталатын тауықты өсіріп жатыр. Бұл құс өзге тауықтарға қарағанда мол тұқым береді. Еті де қоңды. Ал, ферма осы істерге қарай  озат технологиямен жабдықталған. Құны 350 млн. теңге болатын жоба// үдемелі индустриялы инновациялық  даму бағдарламасы аясында іске асып отыр.

Өндірісі өркендеген құс фермасы тауық балапандарын инкубациялық жолмен аштырады. Ол үшін мұнда екі бірдей шағын кешен жұмыс істейді. Алғашқысы тұқым бастырып, балапан шығарса, кейінгісі жұмыртқа өндіреді. Өнім сапасы жоғары. Тұтынушылар тарапынан сұраныс көп. Жұмыртқаның мұндағы бағасы 20  теңгеден аспайды. Жем-шөп мәселесі де шешілген.

Ербол Жылыбаев, «Қызыл жар» ЖШС-нің директоры;

Қазір біз «Шымкент құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Негізі әлемдік дағдарыс бізді де айналып өтіп жатқан жоқ. Көп техниканы шетелден әкелгенбіз. Олардың тозығы жеткен қосалқы бөлшектерін де шетелден алдыртамыз. Сондықтан тауық жұмыртқасының бағасын көтеруге тура келді...

Гүлнәр Исаева, жұмысшы;

Менің міндетім - жұмыртқаны сұрыптау. Осы жұмыстың арқасында табыссыз емеспіз. Бала-шағаны асырап отырмыз. Ел басқарып отырған азаматтарға алығысым шексіз. Бізге осындай екі қолға бір күрек тауып, табысымызды еселеп отырғанына. Айлығым да жақсы. 80 мың теңге аламын.

Қазір құс фабрикасы өз өнімін жергілікті сауда орындарына үлестіріп жатыр. Экспортқа шығару да жоспарда бар. Жаңа желіде сағатына 3 мың жұмыртқа сұрыпталады.  Жұмыс толық автоматтандырылған. Бұл қол еңбегін азайтады.  Фабрикада қазір 12 адам еңбек етеді.

203 рет қаралды

Пікір жазу