"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДАН 1 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ КЕРАМАГРАНИТІ ЭКСПОРТТАЛУДА

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 06:39

 

Шымкенттегі «Зерде керамика» зауыты - Қазақстандағы керамогранит өндіретін жалғыз кәсіпорын.

Ашылғанына бір жыл болған өндіріс ошағы былтыр 1 миллиард теңгенің өнімін экспорттаған. Бүгінде әлеуеті артқан зауыттың тыныс-тіршілігімен тілшіміз танысып қайтты.

Өткен жылдың мамыр айында іске қосылған кәсіпорында қазіргі уақытта 175 адам еңбек етеді. Негізгі шикізат өзімізден. 6 түрлі қоспаны ұнтаққа айналдырып, одан керамикалық тақтайшалар құяды. Өнімнің сапасында мін жоқ. Бағасы біздің нарықтағы шетел тауарларынан 15 пайызға арзан.

Руслан Дүйсенбеков, «Зерде Керамика» зауытының өндірісті жоспарлау менеджері;

Сапасын айта кетсек, қазір 95 пайыз бірінші сұрып, 5 пайыз екінші, үшінші сұрыптарды өндіріп жатырмыз. Ал, бағасы тақтай размері мен түсі, дизайнына қарай. Шетелден келген өнімдерге қарағанда біздің өнім арзан болады. Өйткені біз Қазақстандық шикізатты пайдаланып отырмыз.

Жылына екі миллион теңгенің өнімін өндіретін зауыттың жалпы құрылысына 2,5 миллард қаржы жұмсалған. Күніне 800 мың шаршы метр өнім шығарады. Зауытта заманауи итальяндық жабдықтар орнатылған. Өндірісте жоғары сапалы саз, таза кварц құмы, дала шпаты және табиғи пигменттер пайдаланылады.

Асан Байтуов, «Зерде Керамика» зауытының операторы;

Бір жылдан асып қалды жұмыс істеп отырғаныма. Пресс отделында жұмыс істейміз. Біздің атқаратын жұмысымыз дирменеден келген топырақты сыроны тексеріп бақылап отырамыз. Біз оны келесі отделға шығарып отырамыз. Кафелдің топырағының құнарлығын, качествосын байқап светін өзгертіп отырамыз.

Алдағы уақытта өнім қуаттылығын жылына 5 млн. шаршы метрге дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар, кәсіпорын ашылғалы бері диллерлік желі де дамыған. Бүгінде еліміздің бірқатар қалалары мен облыстарында «Зерде-Керамика» ЖШС-і атынан 40-тан астам диллер жұмыс істейді. Ресейге 5 млн. шаршы метр, Қырғызстанға 100 мың шаршы метр, Тәжікстан мен Өзбекстанға 200 мың шаршы метр керамогранит жеткізу үшін келісімдер жасалған.

197 рет қаралды

Пікір жазу