"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮЛКІБАСТЫҚТАР АЛМА ӨҢДЕУДІ МЕҢГЕРДІ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 06:41

 

Кеңес дәуірінде мұнда 4 мың гектар жерде алма өсірілген. Ендігі мақсат - осы межеге жетіп, дәстүрлі шаруашылықты жолға қою. Бұл орайда аудан бағбандарына жемісті  өңдеп, табиғи шырын алатын зауыттың мол көмегі тиді.

«Арсен Ас» ЖШС-і алмадан концентрат шығарумен айналысқан. Сусын өндірісіне қажет қоспа бүгінде үлкен сұранысқа ие. Бұл жобаның құны - 600 миллион теңге. Оның 120 миллионы кәсіпкердің өз қаржысы болса, қалғаны - несие қаражат.

Қайрат Әбдуәлиев, Түлкібас ауданының әкімі;

Қазақстанға концентрат өнімдері шетелдерден алып келінетін.Сок шығару арқылы лимонад  шығару арқылы іске қосылып отыр. Егер алма жүзім өнімдері болмағанда бұл цех іске қосылмас еді.

Бұл цехтың Түлкібаста ашылуының басты себебі - сусын шығаруға қажетті жемістердің осында өсірілуі. Бұл кәсіпорын жылына 2000 тонна алма қабылдап, одан 250 тонна концентрат шығарады. Түрлі шырындарға да осы шикізат жарайды. Түлкібас өнімдері бұйыртса, мамыр айында дүкен сөрелерінен орын алмақ.

Нұрмахан Кенжехан, тілші;

Қазақстандық сауда нарығы тағы бір табиғи таза өніммен толықты. «Нар сапа» деп аталатын мына сусындар Түлкібаста жасалған. Оның ішінде қызанақ, шабдалы және алма сусындарына Түлкібаста өндірілген жергілікті өнімдер қолданылған.

Шырынның бағасы өзге өнімдерден әлдеқайда арзан. Сапасы да артық болмаса, кем емес. Жылына осындай шырынның 5 миллион данасын шығару межеленген.

Бақытжан Ұтанбаев, «АРСЕН-АС» ЖШС-нің директоры;

200-205 теңгеден түсіп отыр.  225-230 теңгеден сатамыз ба деп отырмыз. Басқа сусындардан артықшылығы 12,25 пайыз аралығында болу керек. Біз максималды 25 пайызды таңдап отырмыз. Табиғи таза бұның ішінде консервант деген болмайды. Су, ауыз су, лимон қышқылы и концентрат.

Ендігіде бұл серіктестік тосап және қайнатпалар өндіруді жоспарлап отыр. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар әкеліп қойылған.

243 рет қаралды

Пікір жазу