"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АНГУС СИЫРЫ – ПАЙДА КӨЗІ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 06:43

 

Мал баққан соң асылтұқымдысын өсірген тиімді.

Не ет, не сүт беріп жарытпайтын сиырларды тек баққандағы азабы қалады. Мұны түлкібастық шаруалар бек түсінген. «Ақсанат Инжиниринг» серіктестігі сол себептен де  шетелден етті сиыр алдыртып, шаруашылығын дөңгелетуде. Біріншіден, малы - асылтұқымды. Екіншіден, мемлекеттен берілетін көмек бар. Қысқасы, шаруашылық иелерінің табысы артып, ырысы тасуда.

«Ақсанат Инжиниринг» 2011 жылы үкіметтен 308 миллион теңге несие алып,  Австралиядан 390 бас Зеңгі баба тұқымын әкелген болатын.

Соның 260-ы Ангус деп аталатын мынадай қара сиыр еді. Содан бері 5 жылда мал басы көбейіп келеді.

Батырлан Кәрібозов,  «Ақсанат инжиниринг» ЖШС-нің  ферма меңгерушісі;


816 басқа жетті бүгін. Жыл сайын 150-200 бас бұқаларды сатамыз.  ОҚО дан бөлек көршілес Жамбыл, Қызылорда облыстарына сатылып жатыр.

Етті бағыттағы бұл тұқымның ерекшелігі 8 айлық бұзауы 220 келі тартады. 3 жастағы сиырлар 500 келіден астам ет берсе, бұқасы 850 келіден асады.  

Батырлан Кәрібозов, «Ақсанат инжиниринг» ЖШС –нің ферма меңгерушісі;

Субсидияны бұқа сатып алған адам алады. 1 бұқаға 154 мың теңге алады. Содан кейін әр бас малдың жеміне деп жылына 18 мың теңге қаржы береді үкімет.

Шаруашылық мал басын 3  мыңға жеткізуді межелеп отыр. Содан соң жылына 80 бұқа сойып, етке өткізбек жоспары бар.

331 рет қаралды

Пікір жазу