"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІККЕ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯ ШАРАПАТЫ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 06:44

 

Бәйдібек ауданындағы дуадақ өсіретін кәсіпорын аймаққа шарапатын тигізіп отыр.

Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен жоба аясында 150-ге тарта жергілікті азамат жұмыспен қамтылған. Жер телімін шетелдіктерге жалға беру арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін жоғарылатып қана қоймай, табиғатқа да пайдасын тигізудеміз, - дейді жергілікті билік өкілдері. Әлеуеті артқан кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен халық қалаулылары да танысып, ондағы жұмысқа оң бағаларын берді.

Бұл мекеме Бәйдібек ауданында 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алғашында Созақ жеріндегі Бетбақдаладан жабайы 120 мың тұқым дуадақты әкеліп, қолдан ұрықтандырған. Былтыр 500 құсты табиғатқа ұшырса, биыл көрсеткішті екі еселемек. Осылайша, алдағы уақытта 10 мың дуадақты ұшыруды жоспарлап отыр.

«Интернешнл Фанд фо Хубара Консервейшн - Қазақстан». Біздің елмен бірлескен кәсіпорынның атауы бұл. Аудандағы 985 гектар жерге орналасқан. Жалға алу ақысы ретінде жыл сайын 3 миллион 800 мың теңге төлейді. Салық түсімі өз алдына бір бөлек.

Қазір мұнда жергілікті азаматтар жұмыспен қамтылған. Оларды арнайы көлікпен тасымалдайды. Жұмысшылардың жалақысы да көңілге қонымды. Жібек Бейсенәлінің осында жұмыс істегеніне 6 айға жуықтады. 19 жасар бойжеткен жақын жерден жұмыс табылғанына дән риза.

Ауыл тұрғындары бұл аймаққа бұрын соңды келмеген көрінеді. Ит тұмсығы кірместей болып көрінген кәсіпорынды бір көріп шықты. Дөңгелеген шаруаны көріп, ризашылықтарын білдірді.

Құстардың негізгі тамағы - ұнға түсетін піте. Ол да осында өндіріледі. Ат шаптырым жердегі жылыжайға жоңышқа тұқымы себілген. Дуадақтың хош көретін шөбі. Кәсіпорынның ендігі мақсаты – сирек кездесетін құстың тұмсығын көбейтіп, табиғатқа қайтадан сый жасау. Игілікті істі Араб әмірлігіндегі  табиғат қорғау қоры қаржыландырып келеді.

236 рет қаралды

Пікір жазу