"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 07:23

 

«Өнімділік -2020». Бұл – Елбасы тапсырмасы бойынша іске асып отырған мемлекеттік бағдарлама.

Үкіметке иек артқан жанды қолдау шарасы. Өз ісін ашып, өнімділікті өркендетудің қыр-сырын түсіндіру мақсатында Шымкенттегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы семинар-кеңес өткізді. Басқосуға «Қазақстандық индустрияны дамыту институтының» мамандары қатысып, кәсіпкерлердің көкейіндегісін тыңдады.

Жаныс Жүсіповтың бұл семинар-кеңестен көңілге түйіп, ұққаны көп. Шағын кәсіп ашуға ниеті бар. Отандық өндірісті өркендетуді жөн санап, құрылыс материалдарын шығаруды жоспарлайды. Ол үшін бизнес жобасы да дайын.

Жаныс Жүсіпов, кәсіпкер;

Менің жобамдағы құрылыс материалы біздің Шымкентте жоқ. Ол үйдің шатырының астына құйылатын полизей деген материал. Ол ыстық пен суықтан қорғайды. Шыбын-шіркейден де сақтайды...

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты». Компания  қолында қаржысы аз, бірақ бизнес жоспары экономикалық маңызға ие кәсіп иелеріне қаржылай көмек көрсетеді. Бірақ, әзірге біздің өңірдің бір ғана өндіріс орны бұл ұйымның демеуіне ілікті. Ол -  «Қағаз  Шаһары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Береке Дүйсебеков, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры;

«Қағаз шаһарының» қызметкерлері мен технолог мамандарын бұл компания ақша төлеп, мемлекет есебінен шетелге оқуға жібермекші...
Негізгі мақсат - еңбек өнімділігін арттыру.  Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейту. Меже орындалу үстінде. Көрсеткіш те көңіл қуантады.

223 рет қаралды

Пікір жазу