15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАҒАЗ ШИКІЗАТЫ ҮШІН ҚАРАСОРА ӨСІРІЛУДЕ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 07:27

 

Бидайдың сабағы, қоза пая, қамыстан басқа не бар? Осы сұрақ бойынша он ойланып, отыз толғанған облыс кәсіпкерлері  жаңа шикізаттың түрін өсіре бастады. Әңгіме не турасында – Нұрмахан Кенжехан анығын айтады.

Оңтүстік еркін экономикалық аймағы маңындағы 20 гектар жерде бүгінде сора жайқалып өсіп тұр. Биіктігі белуардан келеді. Бұл өсімдікті «Қағаз шаһары» серіктестігі биылғы көктемде еккен. Басты мақсат - қағаз өндірісіне шикізат есебінде пайдалану.

Нұрмахан Кенжехан, тілші;

Егін ексең сора ек, одан болар пайда көп. «Қағаз шаһары» СЭЗ серіктестігінің мамандары бүгінде осы пікірді ұстанады. Құрамында есірткісі жоқ мына техникалық сорадан 25 мың түрлі зат алуға болатыны дәлелденген.

Облысымызда тағы осындай 20 гектар жерде жайқалған егістік бар. Толық пісіп жетілсе, сораның биіктігі 4 метрге дейін жетеді екен.

Бауыржан Манатов, «ҚАҒАЗ ШАҺАРЫ-СЭЗ» ЖШС-і директорының орынбасары;

Қазіргі таңда біз шетелден Финляндиядан, Россиядан, Қытайдан шикізаттарды алып отырдық. Қағаз өнімін өндіріп шығару үшін офистік техникаға арналған қағаздарды. Енді қазіргі кезде бізге оларды сатып алғаннан гөрі, өзіміздің шикізаттарымыздың болғаны дұрыс болып отыр. Сол мақсатта біз бидайдан, сабаннан көрдік, одан кейін қамыстан көрдік, болмады. Сосын леннан шығарып көрдік қағазды. Ең соңында міне, техникалық канаплядан шығаруға болатынын білдік 

Бұл сораның құрамында 72 пайыз жабысқыш иілгіш целлюлоза бар. Салыстырмалы түрде айтсақ, мақтада ол 48 пайыз, ал, ағашта тек 24 пайыз кездеседі. Украинадан әкелінген сораның тұқымы жерсініп кетсе, егістік көлемін ұлғайтпақ ниетте. Неге бұл жерге егілді? - деген сұрақтың жауабы мынадай. Осы аймақта мақта кластері дамыған, кілем тоқу тоқыма өндірісі шоғырланған. Олардың бәріне иірілген жіп секілді шикізаттар өте қажет. Қара сораны мұнан да өзге мақсаттарға пайдалануға болады.

Бауыржан Манатов, «ҚАҒАЗ ШАҺАРЫ-СЭЗ» ЖШС-і директорының орынбасары;

Бұл конопляны текстильде, мал азығы ретінде пайдалана аласыз. Льен жіп шығарасыз, фармацевтикада дәрі шығаруға пайдаланасыз, тіпті, тамақ өнеркәсібіне де қолдануға болады.

Бұл сораның құрамында есірткінің жоқ екені әбден тексеріліп, дәлелденген. Сондықтан болса керек, тез ет алуы үшін жем-шөп орнына малға салады. Өндіріс өркендеген жағдайда мұнда жаңа зауыт салу жоспарланып отыр. «Сонда ғана таза отандық өнім алатын боламыз, -   дейді қағаз шығарушылар.

305 рет қаралды

Пікір жазу