"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-НЫҢ ОТАНДЫҚ ӨНІМІ: ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 07:30

 

Оңтүстікте жеңіл өнеркәсіп саласы дамып келеді. Әсіресе, тігін фабрикалары көбейген. Солардың бірі - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы ісі жанданған «KazPlast» компаниясы. Тігін цехында 150-ге жуық маман жұмыспен қамтылған. Жалақылары да жақсы. Қазір фабрикадағы қыз-келіншектер тіккен киімдер Қазақстаннның түкпір-түкпіріне жол тартуда.

Өзіміздің өнім. Шымкенттен шыққан. Шағын цехтың жұмысы қарқынды.  Тігін фабрикасы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Әр тігіншінің алдында — итальяндық тігін мәшинесі. Қол күшін қажет етпесе де мұндағы шеберлерге жүктелген міндеттің жүгі ауыр. Компания жылына 125 мың данадан аса костюм тігеді.

Айна Қалмұрзаева, «KAZPLAST» тігін цехының жетекшісі;

Біз қазір арнайы тапсырыс арқылы киім тігіп жатырмыз. Негізі жұмысқа біз Шымкенттегі №5 техникалық колледжді бітірген түлектерді  қабылдаймыз. Келісім-шарт бар. Екі тараптың ортасында...

Батпа Отарбекова тігін фабрикасында жұмыс істеп, зейнетке шықты. Бірақ жұмыстан қол үзгісі жоқ. Себебі, өз кәсібінің қыр-сырын жетік меңгерген маман тігін тікпесе, көңілі жай таппайды. 

Батпа Отарбекова, тігінші;

Тігін тіксем, шаршағаным басылады. Міне, тіпті, зейнетке шықсам да, осы істі қоя алмай-ақ қойдым. Айлығымыз да жақсы. Басшыларға рахмет.
Сапа жоғары. Сұраныс бар. Әсіресе, құрылыс саласынан тапсырыс көп түседі. Тігін фабрикасы қызметтік жейделер мен арнайы костюмдерді де тігеді.

Бүгінгі таңда жұмысы қарқын алған «КазПласт» компаниясының жоспары тың. Бәсекеге қабілетті болу үшін өндірісті өркендете түспек. Тігін фабрикасы жақын күндері алып ғимараттың құрылысын бастамақшы.

335 рет қаралды

Пікір жазу