"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ПРОКУРАТУРА КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДА

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 07:32

 

Жыл басынан бері облыс прокуратурасының араласуымен 442 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Мемлекеттік органдардың 5 заңсыз құқықтық актісі өзгертілді. Нәтижесінде заң бұзушылыққа жол берген 35 тұлға әр түрлі деңгейдегі жауапкершіліктерге тартылды.

«Соңғы 5 айда прокурорлық қадағалау актілерімен кәсіпкерлердің пайдасына 142 млн. теңге өндірілді»,-дейді қадағалаушы орган өкілдері. Тіркелген деректердің бірқатары агроөнеркәсіп саласында. Агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция жасаған 29 субьекті өздерінің шыққан шығындарын субсидиялауда  бірқатар қиындықтарға тап болған.

Олар 2 млрд. теңгеден астам қаржыны өтеу үшін өтінішті өткен жылдың желтоқсанында берген. Тексеріс кезінде жергілікті атқарушы органдар бұл істі  негізсіз созбалаңға салғаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде бұл заң бұзушылықтар жойылды.

Сондай-ақ, екі жылдан бері кәсібін жүргізуге арналған жер теліміне иелік ете алмай жүрген кәсіпкерлердің де мәселесі сала мамандарының қадағалауынан кейін шешілді.

Батыр Ергешов, облыс прокурорының аға көмекшісі;

Облыс әкімідігінің әрекетсіздігінен жер қойнауын пайдалануға контрактісі бар, бірақ, жер теліміне иелік ете алмай жүрген 3 кәсіпкер шағымданды...

Халықтың құқығын қорғап, мұң-мұқтажын ескеріп, оны шешуге атсалысу – үлкен шаруа. Құқық қорғау органдары мен халық арасында орнаған байланыс жаңа жетістіктерге жетелейді дейді мамандар.

222 рет қаралды

Пікір жазу