13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

8 ЖЫЛДА 13 МЫҢ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛҒАН

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 07:33

 

ОҚО-да «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы құрылғалы бері 13 мың жоба қаржыландырылған. Нәтижесінде 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Айту керек, аталған жобаның 10 пайызға жуығы Сарыағаш ауданында жүзеге асқан.  Бүгінде мемлекет қаржысына еңсе тіктеген серіктестіктердің аяқ алысы мен тыныс- тіршілігі орталық тарапынан үнемі бақылауда тұрады. 

«Максимум» аймақтық орталығы дем берген серіктестіктің бірі - «Сарыағаш жер  сыйы» мекемесі. Жеміс және көкөніс көшеттерін өсіретін серіктестік өз жұмысын жетілдіру үшін «Максимумнан» 15 млн. теңге несие алған. Оған өнім сақтау қоймасын салып, кассетаға көшет отырғызу құрылғысын сатып алған.

Қойманың сыйымдылығы - 240 тонн. Көшет отырғызу аппараты күндігіне 3 гектар жерге қажет дәнді егіп үлгереді. Еуропадан әкелінген құрылғының әзірге облысымызда теңдесі жоқ. 

Танабай Шынтасов – «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-нің директоры

Біздің қажеттілігіміз тек қана Сарыағаш ауданының өзінде 210 млн. көшет керек. Жерге сепкеннен мынау сәл болса да бұрын өнім береді. Қазір кім бірінші өнім шығарады сол пайда табады.  

Инвестициялық орталық арқылы жұмысын жолға қойған келесі серіктестік - судан қуат алатын «Келесгидрострой» мекемесі. Мұндағылар 2013 жылы шағын су электр стансасын салу үшін орталықтан қаржы алып, іс бастаған. Жоба бір жылда қарқын алып,  2014 жылдан бері сағатына 2 МГват  қуат өндіріп келеді.    

Шалқарбек Рысжанов, «Рысжан» СЭС-ның бас инженері;

РИЦ «Максимумнан» лизингке 138 млн. қаржы бөлінген. Ресейден құрылғылар әкелінген сол қаржыға. Содан кейін  осындай жәрдем болғанан кейін, біз осыны құрып, іске жүргізгендіз.

Егер су электр стансасы осы қалыпта жұмысын тоқтатпаса, 6 жылда кеткен шығын ақталады. Ал, аймақтық инвестициялар орталығы жақсы жобаларды қаржыландыру жұмысына биыл да қыруар қаржы қарастырған.

Дәулетқожа Мамыров, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы директорының орынбасары;
Біздің орталық арқылы 13 мыңнан астам жоба қаржыландырылған. Жалпы құны 36 млрд. - тан асады. Бұл жылғы жобаларды қаржыландыру жалғасуда.

Оған 7 млрд. қаржы қаралып отыр. 
Қысқасы, еңбек етемін дегенге қолдау бар. Тиімді жоба ұсынылса, қаржы бөлінеді. Техника сатып алатын болсаңыз, лизинг беріледі.

294 рет қаралды

Пікір жазу