"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУ АУЫЛДАРЫ АЖАРЛЫ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 12:00

 

Биылғы жыл Кентау қаласы үшін ауқымды жұмыстар жылы болуда.  Мәселен, Кентау қаласы мен шаһарға қарасты ауылдарда білім саласының мекемелері толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әсіресе, ондағы Ащысай ауылының екі бірдей білім ошағы, мәдениет сарайы және спорт ғимараты толықтай жөнделіп, саябақтар ретке келтірілсе, қаншама жылдан бері жөндеу жұмысын көрмеген көшелерге асфальт төселді.

Ал Хантағы ауылының қос мектебіне құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңару үстінде. Мұнан бөлек, аталған ауылдың екі бірдей көшесіне асфальт төселіп, үш көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр.

Қалаға қарасты үшінші ауыл - Қарнақ өңірінде 50 жылдан астам уақыт тас жолда жүрген ауыл тұрғындары енді тегіс асфальттелген жолда қатынауды бастады.

Сонымен қатар, Кентаудың Байылдыр ауылында да жаңа оқу жылында жаңа мектептің есігі айқара ашылмақ.

Аталмыш игі істер мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып, шалғай ауылдарға шарапаты тиюде.
Кентау қаласының моноқалалар бағдарламасына кіретін шаһар екенін ескерсек, мұнда мемлекет тарапынан қолдау кезең-кезеңмен іске асырылады.

Айталық, «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы, «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020жж арналған бағдарламасы» ақылы жыл сайын қаржы бөлініп, қаланың инфрақұрылымдық, тұрғын үй және тб мәселелері шешімін табуда.

 

Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

480 рет қаралды

Пікір жазу