"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТУ - БАСТЫ ПАРЫЗ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 12:20

 

Қазақ халқы қашанда «жесірін телміртіп, жетімін жетімсіретіп» қамқорлықсыз қалдырмаған. Жетім және ата – аналарының қамқорлығысыз қалған, сондай – ақ аз қамтамасыз етілген отбасылар балалары қамқорлыққа алынған, қайрымдылық пен мейірімге бөленген. Қорғаншы (қамқоршы)лармен патронат тәрбиешінің тәрбиесіндегі 58 оқушыға жалпыға бірдей оқу қоры есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен, тегін оқулықпен қамтылды. Барлық білім мекемелерінде «Қамқорлық акциясы» өткіліп барлық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға киім-кешек, спорттық форма және әр түрлі спорттық бұйымдар таратылды.

Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Д.Қадралиева екі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыны демеуші ретінде толық киім-кешекпен киіндірді, төрт ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыға «Тау самалы» облыстық оқу сауықтыру орталығына жолдама берілді, аудандық «Жастар орталығы» мамандарының демеушілігімен 12 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұл жетім оқушылар ауданымыздың тарихи орындарына саяхатқа алып барып оқушыларға қуаныш силады. Маусым айында 18 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар аудандық бюджет есебінен берілген тегін жолдамамен Машат шатқалында орналасқан Бекзат Саттарханов атындағы сауықтыру лагерінде демалды.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы 74 бабының 2 тармағына сәйкес барлық ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар аудандық тұрғын үй қорынан, тұрған үй беруге мұқтаж адамдар есебінің тізіміне тіркелді, үй мүлкі бар, қайтыс болған ата-анасынан қалған үйдегі үлесі бар балалардың мүлкін сақталуы қатаң бақылауға алынып, тоқсан сайын зерттеліп акт түзіліп келеді.

194 рет қаралды

Пікір жазу