14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ» ШАЛҒАЙДАҒЫ ХАЛЫҚҚА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 12:22

 

Алыстағы ағайынға медициналық көмек аса қажет. Мұны осы істің бас қасында жүрген жауаптылар жақсы біледі. Сондықтан «Денсаулық жолы» акциясы — жергілікті тұрғындарға көмек көрсетудің тиімді тұсы.

Оның үстіне арнайы жасақталған мамандар тобының қатарында ауылдарда табыла бермейтін дәрігерлер бар. Алғашқы күні дәрігерлердің қабылдауына Қазғұрттан 100-ге жуық азамат келді. Жергілікті тұрғындар көбіне кардиолог, терапевт, фтизиатр мамандарының көмегіне жүгінді.

Айта кетейік, бұл аудан туберкулез дерті бойынша өңірде көш бастап тұр. Былтырмен салыстырғанда  биыл мұнда құрт аурымен тіркелгендердің саны алпыс пайызға артқан.

Әлемде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 9 млн адамды құрайды. Соның ішінде өкпе құрты ауруынан жыл сайын 1,5 млн-нан астам адам қаза табады деген статистика бар. Сондықтан мамандар шара барысында осы тұсқа ерекше мән беріп, профилактикалық жұмыстарды күшейтпек. Денсаулық керуенінде, сондай-ақ, терапевт, педиатр, офтальмолог, эндокринолог, онколог, кардиолог сынды мамандар да бар.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйтқы болған акция 12 тамызға дейін жалғасады. Білікті мамандардан құралған топ енді Сарыағаш, Шардара аудандарына барып, азаматтарды қабылдайды. Бір аптаға жалғасатын тексеруде дәрігерлер өңірдегі 12 ауданды қамтимыз деп отыр.

247 рет қаралды

Пікір жазу