13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ДСҰ– ЖАҺАНДЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ЖОЛДАМА

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 12:58

 

Дүние жүзілік Сауда ұйымына мүшелік – жаһандық экономикаға жолдама. Әрі отандық өндірушілеріміздің нарықтық аясын кеңейтіп, тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасау мүмкіндігін ашады. Қазақстан алпауыт ұйымның 162-ші мүшесі.

Бұл ретте, кәсіпорындарымыз шетел нарықтарына шығуға дайын ба? Тұтынушылар ұйымға мүшеліктен қандай пайда табады? Әсіресе,  кәсіпкерлік субьектілері көптеп шоғырланған оңтүстік өңірінде өндіріс қарқыны қалай дамиды?

Қазір еліміз индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңіне аяқ басты. ДСҰ сынды үлкен ұйымға мүше болумен тұспа-тұс жүзеге асып жатқан бағдарлама көптеген кәсіпорындарға қан жүгіртті. Шымкенттегі бір ғана индустриалды аймақта - 72 жоба мақұлданып, оның 47-сі іске кірісіп кетті.

Мәселен: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия, фармацевтика салаларының салмағы артып келеді. Кешегі бизнес жоспарын бүгінде белді кәсіпорынға айналдырып отырған кәсіпкерлер енді әлем елдері нарығын бағындыруға бекініп отыр.

ОҚО өңірінде соңғы бес жыл ішінде өндіріс шындығында өркендеді. Көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, жастарға жаңа биіктерді бағындыруға жол ашылды. Ол макарон өнімдерін шығаратын зауыттың кондитерлік бөлімінде еңбек етеді. Тапсырысы тұрақты өндіріс ошағы өнімдері әлемдік нарыққа жол тартады, - деп қуануда. Бұл дегеніңіз- табыс көлемінің артуы.

Жақын күндері ОҚО орталығында көпке белгілі джинсы матасы өндірілетін болады. Жергілікті кәсіпкерлер бұл жобаны пәкістандық «ДИНИМ» компаниясымен бірлесіп қолға алмақ. Сингапурдың инвестициялық компаниясы да қазақстандық тоқыма өнеркәсібін жандандыруға ниетті. Үлкен ұйымға мүшелік бұл кәсіпорындардың барлығына жаһандық экономикаға жолдама болмақ.

259 рет қаралды

Пікір жазу