"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҰЛТ ТАТУЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 12:59

 

ОҚО-ға Парламент мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов келді. Іс-сапар барысында халық қалаулысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, елдегі саяси-экономикалық өрлеу тақырыптарын қаузады. Мәжілісменнің айтуынша, Қазақстандағы саяси тұрақтылық тікелей ұлт татулығына байланысты. Сондықтан да әрбір азамат ішінара халық бірлігін нығайтуы тиіс.

«Қазақстандағы этносаралық татулық мәселесінде екіұдайлы пікір болуы мүмкін емес». Сөзін осылай бастаған Сауытбек Абдрахманов ел ішінде қашанда тыныштық болуы керек, тіпті, болуы тиіс деп, - есептейді. Бір кездері байтағымыздың бас басылымын басқарған азамат қазақстандық әлеуметтің әлеуетіне қанық тұлға ретінде бірлікті бекемдеп, татулықты тұғырлы етудің жолдарын ұсынды.

Жиын барысында жергілікті тұрғындардың пікірі тыңдалып, сұрақ-жауапқа ұласты. Аймақтағы «Аналар кеңесінің» жұмысына қаныққан халық қалаулысы  ұйымның бірлікті бекемдеудегі жұмысына разы  болды. Жуырда басталған «Ақ орамал» акциясы – қоғамды ізгілендіретін, қыз-келіншектерді шаңырақ шаттығын сақтауға үндейтін шара ретінде мойындалды. Қазір  ортақ идея тұғырына  1130 бұрымды жұмылдырылған. Оның тең жартысынан көбі – өзге ұлттың қыз-келіншектері мен аналары.

Бұдан соң мәжіліс депутаты аймақтағы этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесті. Қазақстанның бірлік туын бекем ету – осы қоғамдық белсенді топтың пәрменділігіне де байланысты екенін екшеді.

204 рет қаралды

Пікір жазу