17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 13:17

 

Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ҚР Президентінің Кубогіне арналған жасөспірімдер арасындағы футболдан халықаралық турнир бастауын алды.

ІХ Халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков шараны ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«2008 жылы Алматы қаласында бастау алған бұл халықаралық турнир, кейінгі 6 жылда Елордамыз Астана қаласында өтіп келді. Қазақстан Футбол федерациясының ұсынысына орай, біздің қолдауымызбен 2016 жылы 9-турнир Шымкент қаласында өткізіліп отыр. Осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан футбол федерациясы басшылығына облыс әкімі және облыс тұрғындары атынан шынайы алғысымды білдіремін», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан Футбол федерациясының ұйымдастыруымен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен қолға алынған спорттық іс-шараға Албания, Әзербайжан, Иран, Рессей-2, Қырғызстан, Тәжікстан, Крузейро-Қазақстан және Қазақстан футбол командалары қатыспақ. Ал ойындар «Тассай» шағын ауданындағы «БИІК» спорт кешенінде, күнделікті сағат 10:00-17:00 аралығында өтеді.

Халықаралық турнирдің жүлде қоры қомақты. Жарыс нәтижесінде 3-орын алған командаға 3 мың АҚШ доллары берілсе, 2-орын алған командаға 5 мың

АҚШ доллары бұйыратын болады. Ал турнирдің жеңімпазына 7 мың АҚШ доллары дайын тұр. Сондай-ақ, турнир аясында ұйымдастырушылар алқасы тарапынан «Үздік төреші», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Турнирдің Үздік мергені» және «Үздік ойыншы» аталымдары да белгіленген.

Айта кетейік, турнирдің ақтық ойыны 2016 жылдың 12 тамыз күні, сағат 17.00-де Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

231 рет қаралды

Пікір жазу