16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 13:23

 

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар 100 пайыз қол арбамен қамтылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.

Мәселен, биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс өткізу шарасы аясында «Әлеуметтік қолдау» айлығы шеңберінде өңіріміздегі мүгедектер 100 пайыз қол арбамен қамтылды.

Тарқатып айтсақ, жыл басынан бері 1422 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1465 қол арба сатып алынып, оның 1107-і таратылды. Сөйтіп, облыс бойынша 1064 мүмкіндігі шектеулі азамат қол арбамен қамтылып, оның 43-не жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлме ішілік және серуендік екі қол арбадан берілді.

Айта кетейік, өңірімізде 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер болып табылады. Ал аймағымызда бала кезден мүгедектер саны 17286 адамды құрайды. Оның ішінде, 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.

Жергілікті билік тарапынан көрсетіліп отырған мұндай әлеуметтік көмектер әр түрлі шаралар аясында іске асып отырады. Өңірдегі 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қол арбадан басқа да әлеуметтік проблемалары келешекте әкімшілік тарапынан жаңа жобалар арқылы шешііледі деп күтілуде.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

238 рет қаралды

Пікір жазу