"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАСТАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 03:50

 

Түлкібаста «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында құрылған «Жастар практикасына» бағдарламасы жастар үшін зор мүмкіндік болып отыр. Жаңадан оқу орнын тамамдаған жас маманға алдымен тағлымдамадан өтіп, кейін маман болып қалыптасуына оң әсерін тигізуде. Осы мақсатта өткен жылы «Жастар практикасына» аудандағы түрлі мекемелерге 74 жас тағлымдамаға жолданып, 66 жас тұрақты жұмыспен қамтылды.

Биылғы жылы оқу орындарын 2014-2016 жылы бітірген 29 жасқа дейінгі 77 жұмыссыз  жастар, 43 мекемемен келісім –шарт жасалынып, практикаға жолданды.

Елбасы Халыққа жолдаған маңызды құжатында: «Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері – жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та – барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан

Үкіметке және әкімдерге 2013 жылдың өзінде-ақ төмендегіні іске асыруды тапсырамын:

- кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру;

- бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу» - деп нақты тапсырма берген болатын.

Сонымен,  «Жол картасы – 2020» арнайы мемлекеттік бағдарламасы  еңбек  нарығына жүктелген болатын. Бағыты айқындалып, тиімділігі сұрыпталған соң бағдарламаны іле-шала «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жалғады. Бүгінгі күнге дейін осы бағыт негізінде жұмыссыздық деңгейін төмендету алғышарттарына тосқауыл қойылып келді. Атап айтқанда, оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын  арттыру  және ауылдың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бағдарлар аясында жұмыс жасап келген бағдарлама өзгеріске ұшырады.

Нақтырақ айтар болсақ, бағдарлама ықшамдалып, біріктірілу арқылы  жұмыс  жоспарын жалғастыра бермек.

189 рет қаралды

Пікір жазу