14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖҮЗІМ АЛҚАБЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 03:54

 

ОҚО-ның Қазығұрт ауданындағы  «Аманкелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты жүзім алқабымен және бау шаруашылығы қарқынды дамып келеді.

150 гектар алқапқа өсірілген жүзім жайқалып, оның сабақтарына біткен салалы өнім бірден көзге түседі. Жүзім терім науқаны да енді басталған екен.
Жүзімнің 7-8 сорты бар. Қазіргі таңда Италиядан әкелініп, егілген жүзімнің «Кардинал» сортын теруде. Жүзімнің басқа да «Красное», «Белое», «Крымский шоколад» деген сортымен қоса жергілікті жерге бейім «Тайпа», «Киш-миш черный», «Дамский пальчик» сорттары да өсірілуде.

Өсірілген жүзімді алдын-ала түзілген келісім шарт бойынша Ресейдің Москва, Хабаровск, Иркутск қалаларындағы супермаркеттерге және еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе қаласының тұрғындарына экологиялық табиғи таза, әрі балғын жемістерді жөнелтуде. 

«Амангелді» ЖШС-нің өнімдерін сақтауға арналған жеке қоймасы бар. Сыйымдылығы 2 мың тонна болатын сақтау орнындағы 10 камера толықтай толған уақытта ондағы өнімдер отандық нарықтан бөлек, шетелдік нарыққа шығарылады. Бүгінде 1 мың гектар егістікке бидай, мақсары, жеміс-жидек пен жүзім өсіріп отыр. 

Шаруашылық бұл жұмыстарды ары қарай да дамытып, жүзімнің ең пайдалы, өсімтал әрі дәрумені күшті сорттарын өсіруді жоспарлап отыр.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

222 рет қаралды

Пікір жазу