15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АРЫСТА МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 03:56

 

Жуықта Арыс аудандық сотының мәжіліс залында «Медиация күні» республикалық акциясы аясында ашық есік күні өтті.

Ашық есік күніне Арыс қаласы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, этномәдени орталық өкілдері, сот қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Акцияның мақсаты қаламыздағы медиация қызметі саласын дамытудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, медиация институтының шиеленістерді және дауларды шешудің әдісі ретінде насихттау, медиаторлардың жергілікті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ, азаматтық институттармен өзара іс-әрекеттерінің дамуына қолдау көрсету, тұрғындарға қаладағы медиация кабинеттерінің жұмыстарымен таныстыру.

Аталған жиында кәсіби емес медиаторларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, тұшымды жауаптар берілді.

Елімізде  «Медиация туралы» заңның қабылдануы,медиацияның дамуы, өркениет көшіне батыл бет түзеген қоғамымыздағы оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігі даусыз.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі.  Ұлы қазақ даласының билігінің белгілі дара тұлғалары –Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін,ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға улкен назар аударғаны баршамызға белгілі.

Медиация туралы заңымыздың  аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігін түсінгеніміз абзал.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

212 рет қаралды

Пікір жазу